ҚПЛ. Алғашқы тур күтпеген нәтижелерге толы болды. «Қайрат» пен «Ақтөбе» сүрінсе, «Ордабасы» көш басына шықты

ҚПЛ. Алғашқы тур күтпеген нәтижелерге толы болды. «Қайрат» пен «Ақтөбе» сүрінсе, «Ордабасы» көш басына шықты

Кеше ғана футболдан ел Премьер-лигасы шымылдығын ашты. Алғашқы тур біршама күтпеген оқиғалармен есте қалды. «Қайрат» пен «Ақтөбе» сырт алаңда сүрінсе, «Тараз»,  «Ордабасы», «Астана»,  «Тобыл», «Ертіс» командалары үш ұпайдан иемденді.

Бірінші турда талдықорғандық «Жетісу» өз алаңында батысқазақстандық «Атыраумен» тең түсті.

Кездесу жергілікті команда үшін сәтсіз басталды. Матчтың 19-минутында Ұлан Қонысбаев «мұнайшылардың» алға шығарған. Үзіліске дейін тоблодағы есеп өзгерген жоқ. Тек 61-минутта Бауыржан Тұрысбек таразы басын теңестірді. Қорытынды есеп – 1:1.

«Жетісу» - «Атырау» 1:1 (0:1)

Голдар: 0:1 – Қонысбаев 19, 1:1 – Тұрысбек 61

«Тараз» өз алаңында ел біріншілігінің вице-чемпионы алматылық «Қайратты» қапы қалдырды.

Кездесудің бірінші таймында жанкүйерлер гол көре алмады. Есесіне үзілістен кейін командалар үш рет гол салды. Алдымен 65-минутта Игорь Зенькович алаң иелерін алға шығарды. 87-минутта Тарас Данилюк тараздықтардың екінші добын соқты. Араға екі минут салып алматылықтар Виталий Лидің көмегімен есеп айырмасын қысқартқанымен, таразы басын теңестіруге уақыт аз болды.

Осылайша, ел біріншілігінің алғашқы турындағы бірінші күннен соң «Тараз» турнир кестесінде көш бастады.

«Тараз» - «Қайрат» 2:1 (0:0)

Голдар: 1:0 – Зенкьович 65, 2:0 – Данилюк 87, 2:1 – Ли 89

Ел чемпионы «Астана» алғашқы турда өз алаңында қарағандылық «Шахтерден» жеңіліп тұрып, жеңісті жұлып алды.

Матчтың бірінші таймы «кеншілер» үшін сәтті өткен. 8-минутта Корнелис Уббин қонақтарды алға шығарды. Бұған елордалықтар үзіліске дейін жауап қата алмады. Есесіне екінші таймда Станимир Стойлов шәкірттері керекті нәтижеге қол жеткізді. 47-минутта «Астананың» жаңа ойыншысы Джордже Деспотович есепті теңестірді. 65-минутта қарағандылық қорғаушылардың қателігінен кейін Таңат Нөсербаев гол салып, алаң иелеріне жеңіс сыйлады.

«Астана» - «Шахтер» 2:1 (0:1)

Голдар: 0:1 – Уббинк 8, 1:1 – Деспотович 47, 2:1 – Нөсербаев 65

Ел біріншілігінің алғашқы тур ойындарының екінші күнінде Кереку жерінде жергілікті «Ертіс» көкшетаулық «Оқжетпес» командасын қабылдап, 1:0 есеппен жеңіске жетті.

Алғашқы тайм аса бір қауіпті сәтке толы бола қойған жоқ. 17-ші минутта алаң иелерінің сапынан Гогита Гогуа көзге түсер мүмкіндігін пайдалана алмады. Бұған жауап ретінде көкшелік ұжымның капитаны Әлібек Бөлешов жойқын соққымен Лорияның қырағылығын бір сынап алды. Бірінші кезеңнің аяқталуына тура 5 минут қалғанда «Ертіс» ойыншыларының ұйымдастырған қарымта шабуылдары нәтижелі болды. Қорғаушы Сергей Малый керек кезде керек жерінен табыла біліп, матч тағдырын шешкен жалғыз голдың авторы атанды.

«Ертіс» - «Оқжетпес» 1:0 (1:0)

Гол: Малый 40

«Ертіс»: Лория, Гогуа, Йирсак, Фонсека, Фрейдгеймас, Джаллоу, Эррера (Гетериев 73), Кислицын, Ахметов, Муртазаев (Воменко 82), Малый

«Оқжетпес»: Бабаханов, Чертов, Чижов, Нэйн, Волков, Нганбе, Мангуткин, Чичулин, Хайруллин, Бөлешев (Алхазов 73), Қожамберді (Молдақараев 73)

Ескерту: Чертов 53

Төрешілер: Асхат Абданбаев (Тараз), Виталий Дерцапф (Уральск), Елеш Құсайыннов (Астана)

Қостанайлық «Тобыл»  Премьер-Лигаға қайта оралған оралдық «Ақжайық» командасынан басым түсті.

Қостанайлық ұжым алғашқы минуттардан шабуылға белсене кірісті. Алайда Бірінші Лигадан қайта оралған «Ақжайық» та қорғаныста мығым болды. Матчтағы жалғыз голды алаң иелері екінші таймның орта тұсында соқты. Алаңға тыңнан қосылған Константин Дудченко 69-шы минутта Калменов қарауылдаған қақпаның кілтін тауып, командасына жеңіс сыйлады.

«Тобыл» – «Ақжайық» 1:0 (0:0)

Гол: Дудченко 69

«Тобыл»: Логиновский, Дяк, Кассай, Н'Диайе (Дудченко 67), Шимкович (Джалилов 86), Яворский, Дмитренко, Досмағамбетов, Жұмасқалиев (Мухутдинов 75), Мирошниченко, Розыбакиев

«Ақжайық»: Калменов, Говедарица, Колуния, Коронель, Николич, Хромцов (Гридин 76), Абдрахманов, Валиуллин (Забродин 70), Омаров, Сергиенко (Антипов 83), Шурыгин

Ескерту: Сергиенко 60, Шимкович 63

Төрешілер: Марат Ысқақов (Астана), Сергей Васютин (Алматы), Евгений Бельский (Тараз)

Шымкент қаласындағы Қ.Мұңайтпасов атындағы стадионда жергілікті «Ордабасы» мен былтырғы қола жүлдегер «Ақтөбе» командасын 3:1 есебін жеңді.

Бақтияр Байсейітов баптайтын команда алғашқы минуттардан шабуылдай жөнелді. Шымкенттік ұжым бірінші қауіпті сәтте-ақ таблодағы есепті ашуға мүмкіндік алды. Алайда қақпашымен жеке дара шыққан Азат Нұрғалиев өз мүмкіндігін пайдала алған жоқ. Бірер минуттан кейін Эдин Юнузовичтің қақпаның қақ алдында тұрып жасаған соққысын Самат Отарбаев тамаша қайтара білді. 33-ші минутта Касалицеге қарсы ойын ережесін бұзған «Ақтөбенің» қақпасына 11 метрлік айыпдобы белгіленді. Азат Нұрғалиев бұл жолғы екінші мүмкіндігін сәтті пайдаланды. Алғашқы тайм аяқталар тұста Симчевичтің әуелетіп көтерген добына бірінші болып жеткен Эдин Юнузович допты баспен қақпаға тура бағыттай алды. Екінші таймның басталғанына 10 минут өтпестен Азат Нұрғалиев екінші голын соғып, дубль авторы атанды. Қонақтар үш бірдей голға 68-ші минутта жауап қайтарды. Алаңға жаңадан кірген Бобир Давлатов көзге түсті.

«Ордабасы» – «Ақтөбе» 3:1 (2:0)

Голдар: Нұрғалиев 33 (пенальтиден), 53,  Юнузович 45, Давлатов 68

«Ордабасы»: Бойченко, Диакате, Чатто (Бейсенов 87), Касалица, Симчевич, Трайкович, Юнузович (Гейнрих 69), Мұхтаров, Нұрғалиев, Сүйімбаев, Тұңғышбаев

«Ақтөбе»: Отарбаев, Куаджа, Петролай, Ситдиков, Бочаров, Азовский, Каиров, Крюков (Кәкімов 82), Лисенков (Жалмұқан60), Смақов, Тотай (Давлатов 46)

Ескертулер: Смақов 33, Юнузович 47, Сүйімбаев 64, Касалица 77

Төрешілер: Артем Кучин (Қарағанды), Әлібек Әубәкіров (Астана), Серік Қошқаров (Алматы)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или