ҚПЛ. «Ордабасы» «Ақтөбеден» басым түсті

ҚПЛ. «Ордабасы» «Ақтөбеден» басым түсті

Қазақстан Премьер-Лигасының алғашқы туры аясында Шымкент қаласындағы Қ.Мұңайтпасов атындағы стадионда жергілікті «Ордабасы» мен былтырғы қола жүлдегер «Ақтөбе» командасы кездесті.

Бақтияр Байсейітов баптайтын команда алғашқы минуттардан шабуылдай жөнелді. Шымкенттік ұжым бірінші қауіпті сәтте-ақ таблодағы есепті ашуға мүмкіндік алды. Алайда қақпашымен жеке дара шыққан Азат Нұрғалиев өз мүмкіндігін пайдала алған жоқ. Бірер минуттан кейін Эдин Юнузовичтің қақпаның қақ алдында тұрып жасаған соққысын Самат Отарбаев тамаша қайтара білді. 33-ші минутта Касалицеге қарсы ойын ережесін бұзған «Ақтөбенің» қақпасына 11 метрлік айыпдобы белгіленді. Азат Нұрғалиев бұл жолғы екінші мүмкіндігін сәтті пайдаланды. Алғашқы тайм аяқталар тұста Симчевичтің әуелетіп көтерген добына бірінші болып жеткен Эдин Юнузович допты баспен қақпаға тура бағыттай алды. Екінші таймның басталғанына 10 минут өтпестен Азат Нұрғалиев екінші голын соғып, дубль авторы атанды. Қонақтар үш бірдей голға 68-ші минутта жауап қайтарды. Алаңға жаңадан кірген Бобир Давлатов көзге түсті.

«Ордабасы» – «Ақтөбе» 3:1 (2:0)

Голдар: Нұрғалиев 33 (пенальтиден), 53,  Юнузович 45, Давлатов 68

«Ордабасы»: Бойченко, Диакате, Чатто (Бейсенов 87), Касалица, Симчевич, Трайкович, Юнузович (Гейнрих 69), Мұхтаров, Нұрғалиев, Сүйімбаев, Тұңғышбаев

«Ақтөбе»: Отарбаев, Куаджа, Петролай, Ситдиков, Бочаров, Азовский, Каиров, Крюков (Кәкімов 82), Лисенков (Жалмұқан60), Смақов, Тотай (Давлатов 46)

Ескертулер: Смақов 33, Юнузович 47, Сүйімбаев 64, Касалица 77

Төрешілер: Артем Кучин (Қарағанды), Әлібек Әубәкіров (Астана), Серік Қошқаров (Алматы)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или