ҚПЛ. «Ертіс» «Оқжетпесті» қапы қалдырды

Кеше ғана шымылдығын түрген футболдан ел біріншілігінің алғашқы тур ойындары бүгін де жалғасын тапты. Кереку жерінде жергілікті «Ертіс» көкшетаулық «Оқжетпес» командасын қабылдап, 1:0 есеппен жеңіске жетті.

Алғашқы тайм аса бір қауіпті сәтке толы бола қойған жоқ. 17-ші минутта алаң иелерінің сапынан Гогита Гогуа көзге түсер мүмкіндігін пайдалана алмады. Бұған жауап ретінде көкшелік ұжымның капитаны Әлібек Бөлешов жойқын соққымен Лорияның қырағылығын бір сынап алды. Бірінші кезеңнің аяқталуына тура 5 минут қалғанда «Ертіс» ойыншыларының ұйымдастырған қарымта шабуылдары нәтижелі болды. Қорғаушы Сергей Малый керек кезде керек жерінен табыла біліп, матч тағдырын шешкен жалғыз голдың авторы атанды.

«Ертіс» - «Оқжетпес» 1:0 (1:0)

Гол: Малый 40

«Ертіс»: Лория, Гогуа, Йирсак, Фонсека, Фрейдгеймас, Джаллоу, Эррера (Гетериев 73), Кислицын, Ахметов, Муртазаев (Воменко 82), Малый

«Оқжетпес»: Бабаханов, Чертов, Чижов, Нэйн, Волков, Нганбе, Мангуткин, Чичулин, Хайруллин, Бөлешев (Алхазов 73), Қожамберді (Молдақараев 73)

Ескерту: Чертов 53

Төрешілер: Асхат Абданбаев (Тараз), Виталий Дерцапф (Уральск), Елеш Құсайыннов (Астана)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или