«Астана» - «Шахтер» матчына қолдан жасалған билеттердің сатылуына не себеп болды

«Астана» футбол клубы қарағандылық «Шахтермен» өтетін матчқа жүйедегі ақауға байланысты қолдан жасалған билеттер сатқан.

ҚазАқпараттың хабарлауынша, «ticketon арқылы электрондық билеттердің жаңа жүйесін енгіздік. Халық бұл жүйеге дағдыланбаған. Сондықтан онлайн режімінде ешкім билет сатып алмады. Интернет арқылы бар болғаны 100 билет сатылды. Қалған билеттер кассада сатылды. Техникалық жағдайлар туындап, жүйе істемей қалды. Сондықтан осы жолды таңдауға тура келді», - деді елордалық команда баспасөз хатшысы Дмитрий Нестеренко.

Атап өтсек, «Астана Аренасында» кездесу 2:1 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталған. Көрермендер әлеуметтік желіде ойын қорытындысын емес, қолдан жасалған билетті талқыға салды. Бұл футбол сүйер қауымды сұрақтың астында қалдырды.

Бұдан бұрын айтылғандай, билет сатудың жаңа жүйесі әлемнің әр түпкірінен интернет, мобильдік құрылғы, терминалдар арқылы тәулігіне 24 сағат бойы билет сатып алуына мүмкіндік береді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или