«Астана» чемпионатты жеңіспен бастады

Футболдан ел чемпионы «Астана» алғашқы турда өз алаңында қарағандылық «Шахтермен» күш сынасты.

Матчтың бірінші таймы «кеншілер» үшін сәтті өткен. 8-минутта Корнелис Уббин қонақтарды алға шығарды. Бұған елордалықтар үзіліске дейін жауап қата алмады. Есесіне екінші таймда Станимир Стойлов шәкірттері керекті нәтижеге қол жеткізді. 47-минутта «Астананың» жаңа ойыншысы Джордже Деспотович есепті теңестірді. 65-минутта қарағандылық қорғаушылардың қателігінен кейін Таңат Нөсербаев гол салып, алаң иелеріне жеңіс сыйлады.

«Астана» - «Шахтер» 2:1 (0:1)

Голдар: 0:1 – Уббинк 8, 1:1 – Деспотович 47, 2:1 – Нөсербаев 65

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или