Вице-чемпион біріншілікті жеңіліспен бастады

Вице-чемпион біріншілікті жеңіліспен бастады

Футболдан Қазақстан чемпионатының алғашқы туры басталды. «Тараз» өз алаңында ел біріншілігінің вице-чемпионы алматылық «Қайратты» қапы қалдырды.

Кездесудің бірінші таймында жанкүйерлер гол көре алмады. Есесіне үзілістен кейін командалар үш рет гол салды. Алдымен 65-минутта Игорь Зенькович алаң иелерін алға шығарды. 87-минутта Тарас Данилюк тараздықтардың екінші добын соқты. Араға екі минут салып алматылықтар Виталий Лидің көмегімен есеп айырмасын қысқартқанымен, таразы басын теңестіруге уақыт аз болды.

Осылайша, ел біріншілігінің алғашқы турындағы бірінші күннен соң «Тараз» турнир кестесінде көш бастады.

«Тараз» - «Қайрат» 2:1 (0:0)

Голдар: 1:0 – Зенкьович 65, 2:0 – Данилюк 87, 2:1 – Ли 89

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или