Агент: «Аруна Қазақстанға қалтасын қалыңдату үшін барғалы жатыр»

Алматылық «Қайрат» клубына жақын агенттің айтуынша киевтік «Динамоның» ойыншысы Аруна Лукманға шетелдік командалардан ұсыныстар болған. Алайда оның жоғары жалақысын төлеуге ешкім келісім берген жоқ.

«Арунаға бірнеше шетелдік ұжымдар қызығушылық танытқан. Алайда «Динамо» оны жалға алу үшін сұраған қаражаты мен Лукманның айтқан айлығы тым жоғары болды», -дейді агент owngoalnigeria.com сайтына берген сұхбатында.

«Киевтік команда оны жалға беру үшін 2 миллион доллар сұраған. Ал Арунаның өзі жылына 1 миллион жалақы алғысы келетіндігін жеткізген. Қысқы үзіліске трансферге мұндай қаражат жұмсайтын клубтар некен-саяқ».

«Аруна Қазақстандағы бір жылының ішінде 500 мың АҚШ долларын табады. Оны жалға алу үшін «Қайрат» бұдан да көп ақша төлейді. Меніңше, нигериялық футболшы Қазақстанға қалтасын қалыңдату үшін барғалы жатыр», - деп сөзін қортындылады агент.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или