«Астана» футбол клубы билет сатудың инновациялық жүйесін енгізді

«Астана» футбол клубы билет сатудың инновациялық жүйесін енгізді

«Астана» футбол клубы «Астана» Президенттік клубымен бірлесіп, клубтың ойындарына билет сатудың қолайлы жүйесін әзірледі. Енді жанкүйерлер билеттерді тәуілігіне 24 сағат, әлемнің кез келген нүктесінен ғаламтор, мобильдік қосымша және бүкіл республика бойынша орнатылған терминалдар арқылы алуға қол жеткізді.

Бұл «Астана» клубының мәдени-бұқаралық іс-шараларға билет сатушы «Тикетон» желісімен серіктестік арқасында мүмкін болды. Маусымның алғашқы ойындарынан бастап, футбол сүйер қауым үшін билеттер он-лайн тәртібінде «Тикетон» (ticketon.kz сайты немесе мобильдік қосымшалары) арқылы, клубтың сайтында (fca.kz), сонымен қатар «Тикетон» серіктестері көмегімен – еліміздің ең белгілі спорттық жаршылары sports.kz және vesti.kz, nur.kz, zakon.kz, jam.kz, afisha.kz, yvision.kz және т.б. сайттарда, Қазақстанның ең ірі ойын-сауық орталықтарында, Qiwi және Kassa24 терминалдары арқылы сатылады.

Біріншіден, ойынды және «Астана Арена» стадионының кез келген секторында қалайтын орынды таңдау керек. Төлемді жүезе асырғаннан кейін билеттің өзі ұялы телефонға және электрондық поштаға жолданады. Стадионға өту үшін жанкүйер тек қағаз бетінде басылған электрондық билетті көрсетеді.

Футбол клубының әкімшілігі атап өткендей, футбол ойындарына билеттерді он-лайн тәртібінде ғана емес, «Астана Арена» стадионының кассаларында да ойын болған күні алуға болады.

Билет ақысы 200 теңгеден бастап 2000 теңгеге дейін, секторға байланысты. 7 жасқа дейінгі балалар үшін кіру тегін. Сонымен қатар 7-16 жас аралығындағы жеткіншектер, студенттер мен зейнеткерлер үшін 50% мөлшерінде жеңілдік бар (зейнеткерлік куәлік, туу туралы куәлік, студенттік билет болса).

Бұған қоса, маусымдық абонементтер де сатуға шығарылады, оның құны 3500 теңгеден бастап 34000 теңгеге дейін болады. Абонемент алған адам Премьер Лиганың 16 ойынын, Қазақстан Кубогының барлық жергілікті ойындарын, сондай-ақ Чемпиондар Лигасының квалификациялық раундтарының 2 ойынын тамашалай алады.

baq.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или