«Қайрат» - Қазақстан суперкубогының иегері!

Футболдан Қазақстан суперкубогының финалдық кездесуінде ел чемпионы «Астана» өз алаңында алматылық «Қайратты» қабылдады.

Еліміздегі жаңа футбол маусымы «Астана» мен «Қайрат» арасындағы тартысты кездесуден басталды. «Астана-Аренаға» жиналған жанкүйерлер нәтижелі ойын көргісі келгенімен, бірінші таймда гол соғылмады. Есепті ашатын ең қауіпті сәт Таңат Нөсербаев пен Джордже Деспотовичте болған – бірақ елордалық қос шабуылшылардың соққыларына дәлдік жетіспеді. Александр Бородюктің командасы болса бірінші кезеңнің көп бөлігін қорғаныста өткізді. Былтырғы маусымның үздік сұрмергені Жерар Гоу шабуылда әлсіз көрінді. Алматылық ұжымның капитаны Бауыржан Исламхан да бірнеше қателіктер жіберіп, белсенді ойынымен көзге түсе алмады. Керісінше, Станимир Стойловтың командасы допқа иелік етіп, гол соғуға жақын болды.

Екінші таймда алматылықтар шабуылға жиі шыға бастады. Бірақ бұдан аса нәтиже шықпады. Осылайша, Бородюк Дарабаевтің орнына Виталий Лиді шығарды. Артынша, Жерар Гоу Эричтің қақпасына жойқын соққы жасаған, бірақ доп қақпадан қиыс кетті. Ал ойынның 78-і минутында Қуантаев Исламханмен әдемі пас алмасып, Эричтен айласын асыра алмады. Бірден қарымта шабуылда Твумаси гол соғатын жақсы мүмкіндікті жіберіп алды – ганалық футболшының соққысына дәлдік жетіспеді. Ал ойынның аяқталуына екі минут қалғанда Постников жарақат алып, оның орнын алаңға Марк Гурман шықты. Сондай-ақ, Деспотовичті Алексей Щеткин алмастырды. Өзбекстандық төреші Равшан Ирматов қосқан қосымша уақытта «Қайрат» жеңісті жұлып алуға жақын болған. Алдымен Исаэлдің соққысы қақпадан биік кетсе, Виталий Ли Эричтің қақпасына дәл соққы жасай алмады. Осылайша, матчтың негізгі уақыты 0:0 есебімен тең аяқталды.

Овертаймда да қос ұжым кездесуде есеп аша алмады. Былтыр пенальти сериясында есе жіберген «Қайраттың» бұл жолы бағы жанды. Алматылық ұжым пенальти сериясында жеңіске жетіп, Қазақстан суперкубогының иегері атанды.

Қазақстан Суперкубогы – 2016. Финал

«Астана» - «Қайрат»-0:0 (пенальтиден 4:5)

«Астана»: Эрич, Бейсебеков, Постников (Гурман, 89), Аничич, Шомко, Каньяс, Максимович, Мұжықов, Нөсербаев (к) (Шаихов, 107), Деспотович (Щеткин, 88), Твумаси.

«Қайрат: Плотников, Қуантаев, Соарес, Маркович, Тесак, Тимощук, Бакаев, Дарабаев (Ли, 65), Исламхан (к), Исаэл (Риера, 105), Гоу.

Бас төреші: Р. Ирматов (Өзбекстан)

Ескерту алғандар: Маркович 21, Тимощук 102, Гоу 106 – Шомко 40, Каньяс 45, Твумаси 68

«Астана-Арена». 8 наурыз. 2016 жыл.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или