Бауыржан Исламхан: «Суперкубокты жеңіп алсақ, оны әйелдерге арнаймыз»

Алматылық «Қайраттың» капитаны Бауыржан Исламхан Қазақстан Суперкубогы матчының алдында ProsportKz.kz тілшісіне берген сұхбатында барша аруларды Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, бүгін жеңіске жетіп жатса, маусымның алғашқы жүлдесін нәзік жандыларға арнайтынын мәлім етті.

«Жиындарымыз жемісті өтті, қазір біз үшін барлық жағдай жасалған. Команданың атмосферасы жылы, маусымға жақсы дайынбыз деп ойлаймын. «Астана» - оңай қарсылас емес, біз мұны білеміз. Бірақ жеңіске жетіп, маусымды жақсы бастағымыз келеді. Сонымен қатар, матч бүгін, 8 наурызда өтеді. Барша нәзік жанды аруларды осы мерекемен құттықтағым келеді. Барша әйелдерге бақыт тілеймін. Егер бүгін жеңіске жетіп жатсақ, оны жанкүйерлерімізге ғана емес, барлық аруларымызға арнағымыз келеді», - деді Исламхан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или