Андрей Аршавин «Қайраттың» жаттығуына қатысты

Футболдан Ресей құрамасының бұрынғы капитаны Андрей Аршавин Қазақстан Суперкубогының аясындағы «Астана» командасына қарсы ойынының алдында алматылық «Қайрат» клубының жаттығуына қатысты.

Тengrinews.kz ақпараттық порталының мәлімдеуінше, ал «Р-спорт» басылымының мәліметінше, «Қайрат» Андрей Аршавинмен 1 сәуірге дейін келісім жасасуды жоспарлап отыр.

«Біз Андреймен жақсы келіссөз процессіндеміз, біз бірінші сәуірге дейін өзара келісімге келеміз деп шештік», - деді футбол клубы кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев.

Айта кетейік, «Қайрат» футбол клубы футболшыға бірнеше айдан бері қызығушылық танытып жүр. «Ол ресейлік футболшылардың арасында соңғы 10 жылда халықаралық аренада жетістікке жеткен жалғыз спортшы шығар», - деді Боранбаев.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или