Станимир Стойлов: «Ертең үлкен футбол қақтығысы болмақ»

Бүгін Қазақстан Суперкубогы үшін «Астана» мен «Қайрат» арасындағы матчтың алдында бас бапкерлердің қатысуымен баспасөз-мәслихаты өтті.

«Астана» клубының бас бапкері Станимир Стойлов:

«Сіздермен қайта қауышқаныма, бірге жұмыс істейтініме қуаныштымын. Ертең еліміздегі ең үздік екі ұжым күш сынасады. Қос клуб жақсы ойын көрсетуге міндетті. Кім жеңіске лайық өнер көрсетсе, Кубок сол командаға бұйырмақ.

Қазақстан құрамасының бірнеше ойыншысын қатарымызға қостық. Қорғаныс шебінде бәсекелестіктің артқанына қуаныштымын. Әрине, шабуыл шебін де күшейту керек. Қазақстан чемпионаты мен Чемпиондар Лигасында өз үлесін қосатын футболшылар қажет қатарымызға.

Қуанышымызға орай, ешкім жарақат алған жоқ. Меніңше, команда ертең былтыр көрсеткен өзінің футболын паш ете алады және бұл сында мықты ұжымның басымдығы болады.

«Астана» мен «Қайрат» арасындағы матч - ешқашанда қатардағы қарапайым ойындай болған емес. Үлкен футбол қақтығысы орын алады. Біз бұл суперкубокқа дайындалдық. Футболшылар барлық күшін көрсетуі тиіс», - деп сөзін қорытындылады Станимир Стойлов.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или