Сергей Прядкин: «Аршавин Ресейде қалса, біздің футболға өз пайдасын тигізер ме еді»

Ресей Премьер-Лигасының президенті Сергей Прядкин футболшы Андрей Аршавиннің «Кубань» клубынан қалай кеткендігі жөнінде айтып берді.

«Клубтағы жағдай бірқалыпқа келтірілді. Жаңа губернатор Вениамин Кондратьев - өте қатал адам. РФО президенті онымен кездескен еді. Өз басым Олег Артушевичпен жолығып, футболшылардың жалақыларыны кешігіп жатқандығы жөнінде сөйлескен едім. Соның ішінде, Аршавин мен Павлюченконың да мәселесі бойынша әңгімелестік. Ал Аршавинмен жеке сөйлескен емеспін», - дейді Прядкин Sovsport.ru сайтына берген сұхбатында.

Ол сонымен қатар, Андрей Аршавиннің мансабын жалғастыру шешімі жайлы өз пікірін білдірді.

«Андрейдің болашағы? Оның өзі мансабын жалғастырғысы келді. Ал одан кейін не... Аршавин - білімді, ақылды жігіт. Мүмкін, ол осында қалса, Ресей футболына өз пайдасын тигізер ме еді», - деп сөзін қорытындылады Прядкин.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или