«Атырау» даниялық «Одерді» қапы қалдырды

Жиынның соңғы күнінде «Атырау» даниялық «Одер» командасымен жолдастық кездесу өткізді.

Бұл туралы «мұнайшылардың» ресми сайты мәлім етті. Жолдастық кездесу 1:0 есебімен «Атыраудың» пайдасына аяқталған. 84-минутта Валерий Коробкин көзге түсті.

Осы ойынмен батысқазақстандықтардың Түркиядағы жиыны аяқталды. Ертең команда Атырауға оралып, сол жақта маусымға дайындығын жалғастырады.

Естеріңізге сала кетсек, чемпионаттың бірінші матчында атыраулықтар «Жетісуға» қонаққа барады. Матч Талдықорғанда 12 наурызда өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или