«Қайраттың» жаңа құрамын таныстыру шарасында Аршавин болмады

Алматылық «Қайрат» футболдан Қазақстан чемпионатының жаңа кезеңінің басталуына байланысты 3 наурызда өз базасында іс-шаралар өткізеді.

Іс-шара кезінде клубтың жаңа мүшелерімен танысу рәсімі өтеді. Естеріңізге сала кетсек, «Қайрат» сапын қақпашы Андрей Сидельников, қорғаушы Лукаш Тесак және жартылай қорғаушы Ян Вороговский толықтырған болатын. «Қайрат» клубына ауысуы мүмкін Андрей Аршавин шара кезінде әзірше бой көрсетпеді.

Айта кетейік, ресейлік спортшы ақпанның соңынан бері Алматыда жүр, ол осыған дейін командамен бірге бірнеше жаттығу өткізіп үлгерді. Оның жақын арада алматылық клубпен келісім-шартқа отыратыны хабарланған еді. Дегенмен Аршавиннің өзі бұл жағдайға қатысты пікір білдіруден бас тартты. Сонымен қатар, әйгілі «Арсенал» мен «Зенит» клубтарының экс-ойыншысының алматылық клубқа ауысуын мамандар күмәнді шешім деп атады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или