Измайловтың агенті: «Бірнеше нұсқалар болған, бірақ олар бізге жарамады»

«Локомотив» пен «Краснодардың» бұрынғы жартылай қорғаушысы Марат Измайловтың агенті Паулу Барбоза биыл өз клиентінің жаңа командаға ауысатынын мәлім етті.

«Марат – еркін агент. Біз жақсы ұсынысты күтіп отырмыз, бірақ әзірше түскен жоқ. Бірнеше нұсқалар болған, бірақ олар бізге жарамады. Қазірдің өзінде Маратқа қызығушылық танытып отырған клубтар бар. Қалай дегенде де, оның биыл ойнайтынына сенімдімін», - деді Барбоза.

Естеріңізге сала кетсек, Ресей құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысына алматылық «Қайрат» қызығушылық танытты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или