26 млн еуролық Аршавиннің құны 500 мың еуроға дейін қалай құлдырады?

Лондондық «Арсенал» сапында 26 млн еуроға бағаланған Ресей құрамасының экс-жартылай қорғаушысы Андрей Аршавиннің қазіргі құны 500 мың еуро, деп хабарлайды BNews.kz.

2004 жылдың соңында питерлік «Зенит» командасында ойнап жүрген уақытта 2,5 млн еуро табыс табатын футболшының құны 4 жыл ішінде 24 млн еуроға дейін көтерілді.

Ал «Арсенал» клубына ауысқанда ресейліктің құны 26 млн еуроға дейін өсті. Осыдан дейін оның табысы бірте-бірте төмендей бастады. 2010 жылы – 25 млн, 2011 жылдың басында – 21 млн, 2011 жылдың соңында – 17 млн, 2012 жылдың басында – 11 млн, 2012 жылдың жазында – 9 млн, 2013 жылдың басында – 4,5 млн еуроға дейін түсті.

2013 жылы «Зенит» командасына қайта оралған жартылай қорғаушының жалақысы 3 млн еуро болды. 2015 жылдың жазында 1 млн еуроға бағаланған Аршавин, биыл қаңтарда 500 мың еуроға дейін құлдырап кетті.

Айта кету керек, өткен аптада Алматыға келген ресейлік футболшы «Қайрат» командасында екі жаттығу өткізіп үлгерді. Жақында ол алматылық клубпен 1 жылға келісім-шартқа отыруы тиіс.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или