Энгель «Гамбурге» қарсы матчта қосалқы құрамда қалды

Энгель «Гамбурге» қарсы матчта қосалқы құрамда қалды

Қазақстан құрамасының қорғаушысы жақында жарақатынан айықты, енді ол «Ингольштадт 04» сапында ойнауға дайын.

Константин Энгель былтыр қараша айында тізесін жарақаттап алған болатын. Германия чемпионатының 23-турындағы «Гамбургке» қарсы матчында қорғаушы ұзақ уақыттық үзілістен кейін ойынға қатысатын футболшылар қатарына кіріп, қосалқы құрамда болған. Бірақ Қазақстан құрамасының ойыншысы алаңға шықпады. Ал матчтың өзі 1:1 есебімен аяқталды.

«Ингольштадт» келесі кездесуін 1 наурызда «Кельнге» қарсы өткізеді. Осы матчта Энгельді алаңнан көріп қалуымыз әбден мүмкін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или