Пшемислав Тритко «Атырау» клубына ауысты

Батысқазақстандық «Атырау» клубы «Коронаның» 28-жастағы польшалық шабуылшысы Пшемислав Тритконы қатарына қосты.

Бұл туралы батысқазақстандық ұжымның баспасөз-қызметі бүгін ресми түрде хабарлады. Польша футболының болашағына баланған Тритко бар болғаны 18 жасында немістің Энерги» клубында өнер көрсетеді. Екі жыл Германия чемпионатында доп тепкен ол Польша Бірінші Лигасындағы «Aрка» клубына жалға берілді. Одан кейін, Тритко мансабында польшалық «Ягеллония», «Полония» және немістің «Карл Цейсс» секілді клубтарында ойнаған. 2013 жылы «Корона» командасына ауысып келеді. Ол жерде Тритко қазақстандық шабуылшы Сергей Хижниченкомен бірге доп тепкен еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или