«Еске түсірейік». Құрама тізгінін кімдер ұстап еді

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері әлі тағайындалған жоқ. Осы тұста «PROСПОРТ» тілшісі тәуелсіздік алған жылдан бергі еліміздің ұлттық құрамасын жаттықтырған мамандарды тізбектеп шықты.

1992 жылдан бастап, бүгінге дейін 18 бапкер ел құрамасын жаттықтырды. Ең алғаш болып тізгінді ұстаған – Бақтияр Байсейітов. Құраманы бес ай жаттықтырған Байсейітов 7 кездесу өткізіп, бір рет те ұтылмаған! Оның төртеуінде жеңіске жетіп, үшеуін тең аяқтады.

1992 жылы 25 қазанда Бақтияр мырза орнынан кеткен соң, ұзақ уақыт бойы құрамамызды ешкім басқармады. Тек 1994 жылы 11 сәуірде Бауыржан Баймұхамедов Қазақстанның тізгінін ұстады.

1995 жылы құрама Серік Бердалинге тапсырылған. Дәл осы бапкердің бастауымен біздің жігіттер алғашқы ресми матчын өткізген. 1996 жылы Бердалиннің жаттықтыруымен Қазақстан 1998 жылғы әлем чемпионатының Азия бөлігі бойынша негізгі іріктеу кезеңіне дейін жетті. Серік Сәрсембайұлы құрамада болған ең нәтижелі бапкер саналады.

Серік Бердалиннің құрамадағы көрсеткіші: 6 жеңіс, 4 тең есеп, 10 жеңіліс

Бердалин қызметінен кеткен соң, 1998-2001 жылдар арасында Қазақстанды төрт бапкер жаттықтырған – Сергей Гороховодацкий, Ваит Талғаев, Владимир Фомичев және Вахид Масудов. Төртеуі де көп тұрмай, үлкен жетістіктерге жетелей алмады.

2003 жылы құрама тізгінін тұңғыш рет шетелдік маман ұстады. Осы тұста Қазақстан ФИФА-ның Азиялық бөлігінен УЕФА-ға ауысқан. Ресейлік Леонид Пахомов біздің құраманы биікке жетелей алмады. 9 кездесудің екеуінде тең түсіп, қалғандарын ұтылып қалғанбыз.

Осыдан кейін еліміздегі футбол Федерациясы отандық бапкерге сенім артқысы келді. Ресей чемпионатында жұлдызы жанған қазақстандық Сергей Тимофеев ұлттық құраманың қорғанысын күшейткені анық. Алайда еуропалық «грандтарға» қарсы тұру бастапқыда қиынға соқты. Нәтижесінде Тимофеев мырза 13 матчтың біреуінде ғана тең ойын көрсетіп, қалған кездесулердің барлығында жеңіліс тапты.

Содан кейін Федерация басшылығы тек шетелдік бапкерлерге сенім артып келеді. 2006 жылы құрамаға голландиялық Арно Пайперс шақыртылды. Бұл маманды көп жанкүйерлер құрама тарихындағы ең табысты бапкер деп есептейді. Пайперс Қазақстанды алаңға ең көп рет шығарған бапкер саналады – 36 матч. 2008 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде топтағы соңғы орын үшін ол да қызметтен кетті.

Қазақстан жастар құрамасын жаттықтырған германиялық Бернд Шторк Пайперстің орнын басқан. Шторк біздің ұлттық құрамада екі жыл қызмет етіп, сол уақыт аралығында 14 кездесу өткізді. Оның үшеуінде ғана жеңіске жеткен неміс қалған 13-інде жеңіліс тапты. Артынша, бұл бапкер былтыр Венгрия құрамасын Еуропа чемпионатының негізгі кезеңіне шығарып, сенсация жасады.

Бернд Шторк Венгрия құрамасымен

Кейін чехиялық Мирослав Беранек ұлттық құраманы баптады. Бірақ бұл маман да құрама нәтижесін ретке келтіре алмады. Беранектің баптауымен Қазақстан құрамасы 24 кездесудің бесеуінде ғана жеңіске жеткен.

Соңғы болып құрама тізгінін ресейлік Юрий Краножан ұстады. Көптеген мамандар ресейлік маманның келуімен құрама ойыны алға басқанын айтады. Команда стандарттық шабуылдарда нәтижелі ойнай бастады. Бірақ бұл маман да құрамада ұзақ қала алмады. Былтырғы жылдың соңында Федерация басшылығы Красножанның қызметтен кеткенін мәлім етті.

Байқасаңыздар, құрама тізгінін ұстаған бапкерлердің ешқайсысы да екі жылдан артық тұрмаған. Дәлірек айтқанда, біздің Федерация ешкімге екінші мүмкіндік бермеді. Енді алдағы уақытта құраманы тағы бір шетелдік маман баптайды деген ақпарат шықты. Қазақстан құрамасының тізгінін ұстайтын 19-шы бапкердің қандай нәтиже көрсетері уақыттың еншісінде.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или