Покатилов «Русенборгке» қарсы ойында алаңға шықты

Қазақстандық қақпашы Стас Покатилов қаралымда жүрген ресейлік «Ростов» норвегиялық «Русенборг» клубымен жолдастық матч өткізді.

Покатилов матчты негізгі құрамда бастап, 90 минут бойы «Ростовтың» қақпасын қорғады. Қазақстандық голкиперге бір рет допты өз қақпасынан алып шығуға тура келді. 29-минутта норвегиялықтар айып соққысына ие болып, допты «тоғыздықта» тулатты.

Осы голдың арқасында «Русенборг» 1:0 есебімен жеңіске жетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или