Таңат Нөсербаев «Астанамен» келісім-шартын 2018 жылға дейін ұзартты

Елордалық «Астана» клубының шабуылшысы Таңат Нөсербаев командасымен келісім-шартын 2018 жылдың соңына дейін ұзартты.

Өткен жылдың соңында Таңат Нөсербаевтың «Астана» клубымен келісім-шарт мерзімі аяқталған болатын. Содан шет елде өткен екі жаттығу жиындарының қорытындысы бойынша, клуб басшылары капитанмен келісім-шартты ұзартуды жөн санапты. Негізі алдымен Нөсербаев клубпен келісім-шартты бір жылға созды деген әңгіме шыққан еді. Бірақ, бүгін Kazfootball.kz порталының тілшісіне белгілі болғандай, клуб пен капитан шартнаманы тағы 2 жылға ұзартыпты. Енді 29 жастағы футболшы «Астана» сапында 2018 жылдың соңына дейін өнер көрсететін болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или