«Жуков неге Астанада қалғысы келмеді?» немесе қазақи түсініктің минусы

Жас кезінде Бельгиядан Қазақстанға келіп, «пісіп» үлгермеген Георгий Жуков есімді дарынды бала «Астанада» өнер көрсете бастады. Сонымен қатар, Қазақстан жастар құрамасында жасындай жарқылдаған өрен Бауыржан Исламханмен теңдей, қазақ футболының болашағына баланды. Алайда, өмірлік әрі спорттық тәжірибесі толысқан Жуков мансабын ары қарай Қазақстанда емес, Еуропада жалғастыруды жөн санады. Мәселе тіпті ақшада емес, ол өзін еуропалық ойыншы ретінде сезінеді. Осы орайда, «PROСПОРТ» тілшісі қазақстандық футболшылар неліктен шетел аспай жүргенін саралап көрді.

Маусым аралық үзілісте қазақстандық ойыншыларға бірнеше шетелдік клубтар қызығушылық танытқан. Алайда, Георгий Жуков қана ресми Голландия біріншілігінде өнер көрсететін «Рода» клубына ауысты. Ал Қазақстан құрамасының қақпашысы Стас Покатилов ресейлік «Ростовта» мансабын жалғастыруы мүмкін. Сол-ақ. Қазақстан Премьер-Лигасында өнер көрсететін 100-ден астам қазақстандық футболшының деңгейі, Ресейдің біріншілігіне жетпейді ме деген заңды сұрақ туындайды. Енді Еуропаға көшуге кедергі болған негізгі себептерді анықтап көрсек:

Қаржы мәселесі

Елімізде қазақстандық футболшылардың жалақысы тым жоғары. Оған себеп, деңгейі жағынан жақсы ойыншылардың аздығы және Премьер-Лигада алаңға бір уақытта 6 жергілікті футболшының шығарылуы. Футболшы өзінің қажеттілігін сезінгенде ұялмай «көбірек» сұрай алады. Жас дарын өсіп келе жатса «Астана», «Қайрат» секілді «грандтар» оларды өз қатарына бірден қосып алуға тырысады. Басты қаруы - ақшасы. Ал еуропалық командаларға кәсіпкерлер емес кәсіпқойлар керек!

Жергілікті менталитет

Ұлттық құрамның тізгінін Юрий Красножан бапкер ұстағанда, ең бірінші болып жергілікті футболшылардың ой-санасын өзгерту керек деген. Жеңілістен көз ашпай келген құрамамыз ендігіде тек жеңіс үшін ойнау керектігін алға тартты. Алайда, не керек, бастаған ісін соңына дейін жеткізе алмады. Жеңіліске әбден еті үйреніп кеткен футболшыларымыз шекара асудан қорқады. Себебі, еуропалық командада біліктілікті дәлелдеу керек, бәсекелестікке төтеп беру абзал. Ал ойының жүрмей қалса, елге қарабет болып қайтасың. Осының бәрін ой елегінен өткізген қазақстандық спортшы «қой, қазіргі клубым тыныш» деп ешқайда ұмтылмайды. «Қазақстан чемпионаты қарыштап дамуда» деп айқай салғанмен, барлық жетістіктер легионерлердің арқасы. Қазақстандық футболшылардың ішінде менмұндалап тұрған санаулы ғана ойыншы бар. Сол баяғы Бауыржан Исламхан, Дмитрий Шомко, Юрий Логвиненко, Исламбек Қуат, Стас Покатилов, Георгий Жуков. Шынында, бұл футболшылардың деңгейі, анау Еуропа деп ары бармай ақ қояық, көршілес Ресей біріншілігінде өнер көрсетуге жарайды. Бірақ, белгілі себептерге байланысты, басым көпшілігі отандық клубтарда ойнауды жөн деп шешеді. Себебі өз деңгейін біледі.

Селекциялық қызмет ақсап тұр

Премьер-лигада жүрген әрбір шетелдік футболшының жеке агенті бар. Олар құжат рәсімдеу, келіссөз жүргізу бойынша спортшыға көмектескені үшін ақысын алады. Алайда, біздегі агенттердің жұмысы кейде көңілге күдік ұялатады. Себебі қазақстандық клубтар агенттермен соттасып жатқанын көп көреміз. Олардың басты мақсаты, футболшыны шетелдік клубқа орналастыру емес, молынан пайда табу. Бұл Африкадан, Еуропаның төмен деңгейлі чемпионаттарынан ойыншы әкелетін агенттерге қатысты мәселе. Ал қазақстандық талантты ойыншыларды шетелдік клубтарға апарып орналастырудың көздейтін агенттер мүлдем жоқ. Себебі селекция қызметі бізде атымен жоқ. Дарынды ойыншылар далада қалып жатады.

«Астана» сабында қалсам, жақсы ақша табушы ем, алайда, арманымнан алыстайтын едім, - дейді Георгий Жуков. Міне, осы бір қасиет, менталитет қазақ футболшыларға дарымаған сыңайлы. Георгий - еуропалық менталитпен өскен бала. Мақсаты айқын, арманға жетер жолда қаржыны шетке ығыстыруға дайын…

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или