Қазақстан жастар құрамасын Вахид Масудов баптайды

Қазақстан жастар құрамасының аға жаттықтырушысы қызметіне Вахид Масудов тағайындалды.

Бұл туралы ҚФФ ресми сайты хабарлады.

Вахид Масудов Қазақстанның бірнеше клубтарында бас бапкер қызметін атқарған - «Қайрат», «Тараз», «Шахтер», «Восток», «Ақтөбе», «Жетісу», «Атырау», «Ордабасы». Масудов, сондай-ақ, Қазақстан ұлттық құрамасын да жаттықтырған. Ол алдағы уақытта жастар құрамасын 2017 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңіне дайындайтын болады.

Естеріңізге сала кетсек, бұл қызметті бұған дейін Серік Әбдуәлиев атқарған болатын. Ол енді 19 жасқа дейінгі Қазақстан жастарын жаттықтырады. Ал осыған дейін бұл қызметті атқарып келген Ойрат Садуов қызметінен кетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или