«Барселона» Неймарды Олимпиадаға жіберуге қарсы

«Барселона» Неймарды Олимпиадаға жіберуге қарсы

Каталониялық «Барселонаның» бразилиялық әйгілі шабуылшысы Неймар өз елінде өтетін Олимпиада ойындарына қатыспауы мүмкін.

Массагет.кз порталының мәлімдеуінше, «Блауграна» бразилиялық футболшының Олимпиадаға қатысуына үзілді-кесілді қарсы болуда. Риодағы дода футболшыны жаңа маусым алдында шаршататынын алға тартты. Ал Неймар болса Олимпиада чемпионы атануды армандайтынын осыған дейін айтқан болатын.

Айта кетейік, Олимпиада ойындарындағы футбол ережесіне сәйкес, құрама сапына 23 жастан асқан үш ойыншыны қосуға болады. Осыған орай Бразилия ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Дунга олимпиадалық құрамға «Барселонадан» Неймарды, «Интерден» қорғаушы Миранданы, қақпаға «Интернасьонал» ойыншысы Алиссонды шақырған-ды.

Неймар Бразилия олимпиадалық құрамасымен 2012 жылы Лондонда өткен Олимпиада ойындарына қатысқан. Финалға дейін жеткен бразилиялықтар шешуші ойында Мексика құрамасына есе жіберіп алған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или