Ризабек Айтмұхан Азия ойындарын жүлдесіз аяқтады
Қазақстандық еркін күрес шебері Ризабек Айтмұхан 2026 жылғы Азия ойындарында медаль жеңіп ала алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.
97 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің ширек финалында ол жапониялық Араш Ёсидадан 1:11 есебімен жеңіліп қалды. Айтмұханның жұбаныш белдесуіне қатысуы үшін оны жеңген қарсыласы финалға шығуы керек еді. Алайда жартылай финалда Ёсида ирандық балуан Амирали Азарпирадан 3:4 есебімен ұтылып, қазақстандық спортшының жұбаныш белдесуіне шығу мүмкіндігі де жойылды.
Осылайша, Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі Азия ойындарын жүлдесіз аяқтады.
Айта кетейік, Ризабек Айтмұхан 2023 жылғы әлем чемпионы және Азия чемпионаттарының үш дүркін күміс жүлдегері.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или