Эрфан Зенели мен Ягуби Муштаг «Шахтердің» жейдесін киді

Эрфан Зенели мен Ягуби Муштаг «Шахтердің» жейдесін киді

Қарағандылық «Шахтер» құрамына Эрфан Зенели мен Ягуби Муштаг қосылды.

ҚазАқпараттың мәлімдеуінше, 29 жастағы жартылай қорғаушы Зенели финдердің ХИК-і мен «Клуби-04», сондай-ақ израильдің «Маккаби» (Петах-Тиква) клубтарының сапында болған. Сондай-ақ, ол Финляндияның ұлттық құрамасының үш матчына қатысты.

21 жастағы орталық алаң ойыншысы Ягуби Муштаг финдердің «Хонка», «Паллохонка» және «РоПС», латвиялық «Спартак», мәскеулік «Динамо» клубтарында ойнаған. Финляндия құрамасында 2013 жылы 31 қазанда Месика құрамасына қарсы ойында дебют жасап, көзге түсті.

Қарағанды клубы екі ойыншымен бір жыл мерзімге шарт жасасты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или