«Барыс» шабуылшысы ҚХЛ-дің үздік сұрмергені атанды

«Барыс» шабуылшысы ҚХЛ-дің үздік сұрмергені атанды

Хоккейшілер штабы осы маусымда ҚХЛ-дің әр клубындағы үздік бомбардирлердің тізімін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Астаналық «Барыстың» шабуылшысы Джастин Бэйли ҚХЛ чемпионатында керемет ойын көрсетіп жүр. 12 ұпай (7 гол + 5 нәтижелі пас) жинаған америкалық шабуылшы қазақстандық клубтың үздік сұрмергені атанып қана қоймай, бүкіл лиганың ең нәтижелі ойыншысы атағын «Спартак» көшбасшысы Николай Голдобинмен бөлісіп отыр. Голдобиннің де еншісінде 12 ұпай (1+11). Ал Бэйли 7 шайбасымен КХЛ-дің үздік сұрмергені болып тұр.

Шығыс конференциясындағы Бэйлидің ізбасарлары да 9 ұпайдан жинаған. Олар – «Салават Юлаев» ойыншысы Джек Родуолд (5+4), «Нефтехимик» шабуылшысы Андрей Белозеров (3+6) және «Автомобилистің» үздік ассистенті Александр Шаров (1+8).

Батыс конференциясында «Спартак» ойыншысы Николай Голдобин (12 ұпай) мен «Локомотивтің» тәжірибелі шабуылшысы Александр Радулов (9 ұпай, 4+5) көш бастап тұр.

БАТЫС

СКА: Голдобин – 12 (1+11)

«Локомотив»: Радулов – 9 (4+5)

«Торпедо»: Ткачёв – 8 (2+6)

«Динамо» (Минск): Смит – 8 (0+8)

«Спартак»: Беляев – 7 (5+2)

«Шанхай Дрэгонс»: Менелл – 7 (2+5)

ЦСКА: Замула – 7 (1+6)

«Динамо» (Мәскеу): Сикьюра – 7 (1+6)

«Лада»: Савчук – 7 (5+2)

«Сочи»: Венгрыжановский – 4 (4+0)

«Северсталь»: Скоренов – 3 (1+2)

ШЫҒЫС

«Барыс»: Бэйли – 12 (7+5)

«Салават Юлаев»: Родуолд – 9 (5+4)

«Нефтехимик»: Белозеров – 9 (3+6)

«Автомобилист»: Шаров – 9 (1+8)

«Ак Барс»: Семёнов – 8 (1+7)

«Сібір»: Диц – 7 (3+4)

«Металлург»: Толчинский – 7 (2+5)

«Авангард»: Ливо – 5 (3+2)

«Адмирал»: Булавчук – 5 (1+4)

«Амур»: Шварев – 4 (3+1)

«Трактор»: Дронов – 4 (2+2)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или