ҚХЛ: 24 қыркүйектегі матчтар кестесі
Бүгін Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионатында бес матч өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
17:30. «Сібір» – «Ак Барс»
Новосібірлік «Сібір» тұрақты чемпионатты сәтсіз бастап, Шығыс конференциясында соңғы орындардың бірінде келеді. Ал «Ак Барс» конференцияда үшінші орында тұр.
21:00. «Северсталь» – «Автомобилист»
«Северсталь» жеңілістер сериясынан кейін Батыс конференциясының плей-офф аймағынан шығып қалды. Дегенмен череповецтік клуб соңғы ойында «Амурды» 4:1 есебімен жеңіп, жеңіс жолына қайта түсті. «Автомобилистің» де нәтижелері көңіл көншітпейді. Маусым фавориттерінің бірі саналған команда әзірге Шығыс конференциясында жетінші орында келеді.
21:00. «Торпедо» – «Сочи»
Батыс конференциясының көшбасшыларының бірі саналатын Нижний Новгородтың «Торпедосы» конференция аутсайдері «Сочиді» қабылдайды.
21:00. «Динамо» (Мәскеу) – «Динамо» (Минск)
Мәскеу мен Минскінің аттас клубтары маусымды орташа нәтижемен бастады. Дегенмен екі команда да плей-оффқа шығуды көздейді. Мәскеулік «Динамо» Батыста алтыншы орында болса, минскілік клуб жетінші сатыда тұр.
21:00. «Спартак» – «Авангард»
Ойын күнінің басты матчы Мәскеуде өтеді. Маусымды жақсы бастаған «қызыл-ақтар» тұрақты чемпионатты сәтсіз бастап, жарақат алған ойыншылары көп «Авангардпен» кездеседі. «Спартак» Батыс конференциясында екінші орында болса, «Авангард» Шығыста сегізінші орында тұр.