Юлия Путинцева — Белинда Бенчич матчының тікелей трансляциясы

Юлия Путинцева — Белинда Бенчич матчының тікелей трансляциясы

Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева бүгін АҚШ ашық чемпионатының негізгі кезеңіндегі жарыс жолын бастайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Нью-Йоркте өтіп жатқан «Үлкен дулыға» турнирінің бірінші айналымында әлемнің 84-ракеткасы рейтингте 12-орында тұрған швейцариялық Белинда Бенчичпен кездеседі.

Турнир ұйымдастырушылары жарыс кестесін жасап қойған. Соның арқасында бұл кездесудің жеңімпазын келесі кезеңде кім күтетіні де белгілі болды. 1/32 финалда жеңімпаз Қытай өкілі Чжэн Циньвэньмен (WTA рейтингінде №121) кездеседі. Қытайлық теннисші ресейлік Кристина Лютованы үш сетте 4:6, 6:3, 6:1 есебімен жеңіп, екінші айналымға жолдама алып қойған.

Путинцева — Бенчич матчының тікелей трансляциясы Қазақстан уақытымен 20:00-де басталады. Матчты осы сілтеме арқылы көруге болады.

Айта кетейік, дәл осы жарыс күнінде Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина да Нью-Йорктегі алғашқы матчын өткізеді. Ол жас америкалық Теа Фродинмен кездеседі.



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или