«Ертіс» қарыздарын өтеуде
<p style="text-align: justify;">
<strong>Керекулік «Ертістің» директоры Игорь Елащук клубтың қарыздары мен командаға қосылған жаңа ойыншылар жайлы айтып берді. </strong></p>
<p style="text-align: justify;">
- Қарыздың көп бөлігін біз қайтардық. Жаңа маусымға дейін қарыздың бәрін өтейміз деген ойдамын, - деп бастады И. Елащук pavlodarnews.kz сайтына берген сұхбатында. Оның айтуынша, команданың толық құрамасы ақпанның 27-28-і анықталады. Сондай-ақ, командаға қосылған үш ойыншының біреуімен уақытынан бұрын келісімшарт бұзылды. </p>
<p style="text-align: justify;">
- Түркиядағы екінші ОЖЖ жақсы өтті. Байқауды мұқият өткізудеміз. Осылайша, командаға босниялық қорғаушы Семир Керла мен Литва құрамасының ойыншысы Геограс Фрейдгеймас келді. Ал шабуылшы Лестер Пельтермен белгілі бір себептерге байланысты келісімшарт бұзылды. Үшінші жиынға ертең аттанамыз. Бесінші наурыз күні елордалық «Астанаға» қарсы жолдастық кездесу өткіземіз, - деді И. Елащук.</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или