Лукаш Тесак: «Қайраттан» ұсыныс түскенде ұзақ ойланбадым»

Ресейлік «Арсеналдың» бұрынғы футболшысы Лукаш Тесак «Қайратты» Александр Бородюк баптайтындықтан алматылық ұжымның ұсынысынан бас тарта алмаған.

«Мен Бородюк мырзамен байланыста жүрдім. Ол «Торпедо» клубынан кеткеннен кейін, жарты жыл өтісімен мен де басқа командаға ауыстым. Бір-бірімізбен қуанышты сәттерді бөлісіп, жағдайы қалай екендігін біліп жүрдім. Мәскеуде бірнеше мәрте кездесіп, әңгімелесіп қайтқанбыз. Ұсыныс түсе сала, киім-кешегімді жинап, ойланбастан аттанып кеттім. Егер ол мені шақырып, менің кетуге деген мүмкіндігім болса, мінддеті түрде баратыныма сенімді едім. Өйткені, Александр Бородюк - адам ретінде де, маман ретінде де өте жақсы кісі», – дейді Тесак «Қайраттың» ресми сайтына.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или