Махачев – Гарри жекпе-жегіне қатысты күтпеген болжам жасалды
UFC аңызы Джон Джонс жартылай орта салмақтағы чемпиондық белбеу үшін өтетін Ислам Махачев пен Иан Гарри арасындағы жекпе-жекке қатысты өз болжамын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Джонстың пікірінше, ресейлік файтер күрестегі шеберлігінің арқасында жеңіске жақын.
«Мен Ислам Махачевке бәс тігемін, өйткені оның күрес базасы өте мықты. Ал мықты балуандарды жеңу өте қиын. Қазір оны UFC тарихындағы ең үздік спортшылардың бірі деуге болады» деді Джонс.
Айта кетелік, Махачев пен Гарри арасындағы чемпиондық кездесу 16 тамыз күні АҚШ-тың Филадельфия қаласында өтетін UFC 330 турнирінің басты жекпе-жегі болмақ.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или