Египет Жаңа Зеландиямен ойында жеңіске жетті
Әлем чемпионатының топтық кезеңінің екінші турында Жаңа Зеландия мен Египет құрамалары кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ойын Ванкувер қаласындағы «Би-Си Плейс» стадионында өтті. Кездесуге БАӘ-лік төреші Омар Мохамед Әл-Али бастаған қазылар бригадасы қызмет көрсетті.
Матчтың 15-минутында Финн Серман гол соғып, Жаңа Зеландияны алға шығарды. Алайда екінші таймда мысырлықтар таразы басын өз пайдасына аударды. Алдымен Мостафа Зико 58-минутта есепті теңестірсе, 67-минутта Мұхаммед Салах Египетті алға шығарды. Ал 82-минутта Трезеге үшінші голды соғып, матчтың нүктесін қойды.
Осылайша, Египет 3:1 есебімен жеңіске жетіп, екі турдан кейін төрт ұпай жинады. Ал Жаңа Зеландияның еншісінде бір ғана ұпай қалды.
Топтық кезеңнің соңғы турында Египет Иранмен, ал Жаңа Зеландия Бельгиямен кездеседі. Екі матч та 27 маусым күні өтеді.
ӘЧ-2026: Уругвай мен Кабо-Верде тең ойнады
ӘЧ-2026: Испания Сауд Арабиясын ойсырата жеңді