Испания мен Сауд Арабиясы арасындағы матч сенсациямен аяқталды

Испания  мен Сауд Арабиясы арасындағы матч сенсациямен аяқталды

Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының H тобындағы екінші турда Испания мен Сауд Арабиясы құрамалары кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу АҚШ-тың Атланта қаласындағы «Мерседес-Бенц Стэдиум» стадионында өтіп, 4:0 есебімен Испанияның ірі жеңісімен аяқталды. Испания сапынан Микель Оярсабаль дубль авторы атанды, тағы бір голды Ламин Ямаль соқты. Сонымен қатар Абдулелах Аль-Тамбакти өз қақпасына гол жіберіп алды.

Айта кетелік, үшінші турда Испания Уругваймен, ал Сауд Арабиясы Кабо-Вердемен кездеседі.

Испания мен Сауд Арабиясы маңызды матч алдындағы құрамдарын жариялады




Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или