H тобында Испания мен Сауд Арабиясы құрамалары кездеседі

H тобында Испания мен Сауд Арабиясы құрамалары кездеседі

Бүгін, 21 маусым күні, футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының H тобында Испания мен Сауд Арабиясы құрамалары өзара кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу АҚШ-тың Атланта қаласында өтеді. Екі команда да алғашқы турдан кейін бір ұпайдан жинағандықтан, бұл матч топтағы жағдайға тікелей әсер етеді.

Испания құрамасының негізгі құрамында: Симон, Кубарси, Лапорт, Кукурелья, Порро, Родри, Педри, Ольмо, Ямаль, Оярсабаль және Баэна алаңға шығады. 

Ал Сауд Арабиясы сапында: Аль-Оваис, Аль-Тамбакти, Аль-Амри, Абдулхамид, Аль-Харби, Канно, Аль-Хайбари, Аль-Джуваир, Аль-Давсари, Аль-Шамат және Аль-Бурайкан өнер көрсетеді.

Айта кетелік, алғашқы турда Испания Кабо-Вердемен голсыз тең түссе, Сауд Арабиясы Уругваймен 1:1 есебімен ұпай бөліскен болатын. Сондықтан бүгінгі ойын жеңімпазы топтағы жағдайын едәуір жақсарта алады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или