Уругвай мен Кабо-Верде мықтыны анықтай алмады

Уругвай мен Кабо-Верде мықтыны анықтай алмады

Әлем чемпионатының H тобындағы матчта Уругвай мен Кабо-Верде құрамалары кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ойын АҚШ-тың Майами қаласындағы «Хард Рок» стадионында өтті. Кездесуге норвегиялық төреші Эспен Эскос бастаған қазылар бригадасы қызмет көрсетті.

Матчтағы есепті 23-минутта Кабо-Верде құрамасының ойыншысы Кевин Ленини ашты. Алайда бірінші таймның соңында Максимилиано Хавьер Араухо Вильчес (44) пен Агустин Каноббио (45+6) гол соғып, Уругвайды алға шығарды.

Екінші таймда Элио Варела 61-минутта таразы басын теңестіріп, кездесу 2:2 есебімен аяқталды.

Осылайша, Уругвай мен Кабо-Верде құрамалары екі турдан кейін екі ұпайдан жинады. Ал H тобында төрт ұпаймен Испания көш бастап тұр. Сауд Арабиясының еншісінде бір ұпай бар.

ӘЧ-2026: Испания Сауд Арабиясын ойсырата жеңді


Әлем чемпионатында тағы бір жұлдыз пайда болды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или