«Патшалық клуб» 220 миллион еуролық трансфер жасайды

«Патшалық клуб» 220 миллион еуролық трансфер жасайды

Мадридтік «Реал» Еуропаны таңғалдыратын ірі трансфер жасамақ. Испандық клуб «Баварияның» француз вингері Майкл Олисе үшін 220 миллион еуроға дейін төлеуге дайын, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, «патшалық клуб» 24 жастағы футболшыны жаңа жобаның басты шабуыл күші ретінде қарастырып отыр. Олисе өткен маусымда жоғары нәтижелі ойын көрсетіп, Еуропадағы ең қауіпті қанат ойыншыларының біріне айналған.

Сонымен қатар, «Реал» орталық алаңды да күшейтуді жоспарлап, «Челсидің» аргентиналық жартылай қорғаушысы Энцо Фернандесті де қатарға қосуды көздеуде.

Айта кетелік, Олисе биыл әлем чемпионаты-2026 турнирінде Франция құрамасы сапында өнер көрсетіп жатыр және оның трансферлік құны рекордтық деңгейде.

«Реал» Еуропаны дүр сілкіндіретін 220 миллион еуролық трансферге дайын

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или