Ағылшындық шабуылшы бірнеше жетістікке қол жеткізді
Англия құрамасы әлем чемпионатының 1-турында Хорватияны 4:2 есебімен жеңді, деп жазады Prosports.kz.
Аталған матчта ағылшындық шабуылшы Харри Кейн дубль жасады және бұл маусымдағы клуб пен құрама сапындағы голдарының санын 69-ға жеткізді. Осыған дейін бірде-бір англиялық ойыншы бір маусымда мұнша көп гол соқпаған еді. Ал рекорд Дикси Динге (67 гол, 1927/28) тиесілі болған.
Шабуылшы тағы бір рекордтық көрсеткіш тіркеді. Оның бір голы пенальтиден болып, ӘЧ тарихында пенальтиден ең көп гол соққан ойыншы атанды – 5 гол.
Сонымен қатар, 32 жастағы шабуылшы әлем чемпионатындағы 10-голын соқты. Осы көрсеткіш бойынша Англия құрамасы сапында ӘЧ-да ең көп гол соққан Гэри Линекермен теңесті.
Англия әлем чемпионатындағы алғашқы матчында Хорватияны жеңді
Әлем чемпионаты: Өзбекстан құрамасы Колумбиядан жеңіліп қалды
Швейцария — Босния және Герцеговина матчының тікелей трансляциясы