Қазақстандық падел ойыншылары әлемдік рейтингіде жоғары көтерілді
Халықаралық падел федерациясы ойыншылардың жаңартылған әлемдік рейтингісін жария етті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
Қазақстан падел федерациясынан мәлім еткеніндей, Жәнібек Үмбетов 9 сатыға көтеріліп, қазіргі кезде FIP әлемдік рейтингісінде 482-орында тұр. Соның нәтижесінде Ж.Үмбетов Қазақстанның бірінші ракеткасы мәртебесін нығайтты.
Сондай-ақ Родион Пак 6 саты қосып, 525-орынға көтерілді. Евгений Данилов 573-орыннан көрінді. Қазақстандықтар Алдияр Мұздыбаев, Жақас Қозыбақ, Никита Сидоров сәйкесінше 794, 910 және 1 232-орынға орналасты.
18 жасқа дейінгілер арасында FIP Tour Азия рейтингісінде төрт қазақстандық ойыншы ТОП-50-ге кірді. Арнұр Тұрсынхан мен Ислам Дүйсенғазин 17-орынға, Санжар Жуасов пен Тимур Ахметов 31-сатыға көтерілді.
Бұл Қазақстан падел федерациясы құрылғаннан бергі екі жыл мерзімде аталмыш ойын түрінің елімізде кеңінен дамып келе жатқанын көрсетеді.
Қазақстандық спортшы Мәскеудегі турнирде күміс жүлде еншіледі