1XBET - ставки на спорт

Dream Together Master бағдарламасы бойынша білім алатын екі қазақстандық маман белгілі болды

Dream Together Master бағдарламасы бойынша білім алатын екі қазақстандық маман белгілі болды

Қазақстанның екі өкілі Халықаралық Олимпиадалық комитетінің қолдауымен Сеул ұлттық университеті жүзеге асыратын халықаралық Dream Together Master магистрлік бағдарламасына қатысу үшін іріктеуден өтті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-қа сілтеме жасап.

Бағдарлама спорттық менеджмент саласындағы мамандарды даярлауға, кәсіби құзыреттерді дамытуға және спорт саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.

Қазақстаннан бұл беделді бағдарламаға Ақайша Оспан мен Әнел Асылбек қабылданды. Олар әлемнің түрлі елдеріндегі Ұлттық Олимпиадалық комитеттердің, спорт федерацияларының және мемлекеттік ұйымдардың өкілдерін біріктіретін оқу бағдарламасынан өтеді.

Dream Together Master Program – спорттық менеджмент саласындағы жетекші халықаралық білім беру бастамаларының бірі. Оның мақсаты – спорт индустриясының болашақ көшбасшыларын даярлау және білім беру арқылы жаһандық ынтымақтастықты дамыту.

Айта кетейік, бағдарлама түлектері бүгінде әлемнің түрлі спорт ұйымдарында, соның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитетінде табысты еңбек етуде.

Қазақстандық спортшы Мәскеудегі турнирде күміс жүлде еншіледі

Паделден Қазақстан турының екінші кезеңі аяқталды

Алматыда паделден халықаралық турнир басталды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или