Бадминтон: Қазақстан құрамасы Армениядағы турнирде бес медаль жеңіп алды
Қазақстанның бадминтон құрамасы Арменияның Ереван қаласында өткен European Youth Gran Prix халықаралық турнирінде бес жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz cайты ҰОК-ке сілтеме жасап.
15 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы жекелей сында Арслан Орманов чемпион атанды. Ал Вероника Моисеенко күміс жүлдеге ие болды.
Моисеенко жұптық сында да екінші орын алды. Осы бағдарламада Арслан Орманов қола жүлдегер атанды.
Аралас жұптар сайысында Арслан Орманов пен Вероника Моисеенко қола медаль жеңіп алды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или