1XBET - ставки на спорт

Қазақстандық бессайысшылар Венгриядағы Әлем кубогы кезеңіндегі жарысты аяқтады

Қазақстандық бессайысшылар Венгриядағы Әлем кубогы кезеңіндегі жарысты аяқтады

Будапештте (Венгрия) қазіргі бессайыстан Әлем кубогының кезеңі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-ке сілтеме жасап.

Қазақстан құрамасы сапында ең үздік нәтижені Темірлан Әбдірайымов көрсетті. Ол халықаралық турнирде іріктеу кезеңінен сәтті өтіп, жартылай финалға жолдама алды.

Алайда А тобындағы жартылай финалда қазақстандық спортшы 16-орын алып, Әлем кубогы кезеңінің финалына шыға алмады.

Айта кетейік, құрамамыздың қалған өкілдері жарысты іріктеу кезеңінде аяқтады.

Лев Чувашов іріктеудің А тобында 18-орынға тұрақтады. Ал D тобында Константин Сычев 27-орын, Кирилл Стадник 33-орын алды.

Әйелдер арасында Полина Андреева А тобында 33-орынға ие болса, Диана Щедрова (С тобы) жарысты 30-орынмен аяқтады.


Қазақстандық спортшы Мәскеудегі турнирде күміс жүлде еншіледі

Паделден Қазақстан турының екінші кезеңі аяқталды

Алматыда паделден халықаралық турнир басталды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или