Рубен Аморим «Милан» бас бапкері атанады

Рубен Аморим «Милан» бас бапкері атанады

Италиялық «Милан» клубының жаңа бас бапкері белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Белгілі инсайдер әрі журналист Фабрицио Романо ақпаратына сенсек, алдағы уақытта миландық клубтың тізгінін португалиялық маман Рубен Аморим ұстайды. Қос тарап 2028 жылға дейін жарамды келісімшартқа қол қояды екен. Сондай-ақ тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігі де қарастырылады.

Аморим барлық шарттарды қабылдады және осы аптада «Миланмен» ресми түрде келісімшартқа қол қояды деп күтілуде. Ал жылдық жалақысы 4 млн еуроны құрайтын болады.

Еске салсақ, маман осы жылдың басында «Манчестер Юнайтедтегі» қызметінен қуылған еді.

«Барселона» тәрбиеленушісі Қазақстан чемпионатында мансабын жалғастырады

Еуропаның ең мықты клубы тағы бір француз футболшысына көз тікті

Видео. Алаңға оралған Месси Аргентинаның жеңісіне үлес қосты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или