Бесінші рет Astana Half Marathon жарысы өтті
Астанада бесінші рет Astana Half Marathon халықаралық жарысы өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Биылғы марафонға әлемнің 30-дан астам елінен 7 мыңға жуық адам қатысып, жарысқа рекордтық көрсеткіш тіркелді. Қатысушылар арасында Ресей, Өзбекстан, АҚШ, Қытай, Қырғызстан және Еуропаның бірнеше елінен келген желаяқтар болды.
21 шақырымдық қашықтықта өзбекстандық Андрей Петров топ жарып, мәреге 1 сағат 4 минутта жетті.
Astana Half Marathon аясында 10 шақырымдық жүгіру, скандинавиялық жүріс және командалық эстафета сайыстары ұйымдастырылды. Мәреге жеткен барлық қатысушыға естелік медаль табысталды.
Петропавлда триатлон және дуатлон бойынша Қазақстан чемпионаты өтті
Қазақстандық спортшы Мәскеудегі турнирде күміс жүлде еншіледі
Қазақстандық ескек есушілер халықаралық жарыста алтын жүлде жеңіп алды