Аргентина Мессисіз сенімді жеңіске жетті
Аргентина құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатына дайындық аясында Гондурасқа қарсы жолдастық кездесу өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Матч АҚШ-тың Техас штатындағы Колледж-Стейшн қаласындағы Кайл Филд стадионында өтті,. Матч 2-0 есебімен Лионель Скалонидің командасының пайдасына аяқталды. Лаутаро Мартинес (37-минут, пенальти) мен Джулиано Симеоне (54-минут) жеңіс голдарын соқты.
Аңызға айналған аргентиналық Лионель Месси матчқа қатыспады.
2026 жылғы әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Мексика және Канадада өтеді. Аргентина J тобында Алжир, Аустрия және Иорданиямен кездеседі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или