«Спартак» командасы жағажай футболынан Қазақстан кубогының жеңімпазы атанды
Павлодар қаласында жағажай футболынан Қазақстан Республикасының Кубогы өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Турнирге еліміздің әр өңірінен келген сегіз команда қатысып, бірнеше күн бойы жүлделі орындар үшін бақ сынады.
Жарыс қорытындысы бойынша Абай облысының «Спартак» командасы турнир жеңімпазы атанды. Финалдық кездесуде олар Қазақстан Суперкубогының иегері атанған «Малайсары» командасын 6:2 есебімен жеңіп, Кубокты иеленді.
Турнир барысында үздік өнер көрсеткен ойыншылар арнайы номинациялармен марапатталды:
- Үздік қақпашы – Иван Горохов («Малайсары»)
- Үздік қорғаушы – Кямран Гурбатов («Спартак»)
- Үздік жас ойыншы – Артур Деринг («Арман»)
- Ең креативті ойыншы – Саедхоссейн Мирхоссеини («Малайсары»)
- Үздік сұрмерген – Рамиль Алиев («Спартак»)
- Турнирдің үздік ойыншысы – Мехди Ширмохаммади («Малайсары»).
Жағажай футболынан Қазақстан Суперкубогы өтеді
Қазақстан құрамасы алдағы маусымдағы матчтарға дайындықты бастады
Армения құрамасы Қазақстанға қарсы жолдастық матчқа құрамын жариялады
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или