Қарсылас сапында Еуропа футболының жұлдыздары бар

Қарсылас сапында Еуропа футболының жұлдыздары бар


Венгрия құрамасының бапкерлер штабы маусым айындағы ұлттық команда матчтарына шақырылған футболшылардың кеңейтілген тізімін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Құрамға Венгрия чемпионатында және Еуропаның жетекші лигаларында өнер көрсететін 29 ойыншы енді.

Тізімде Англия, Германия, Түркия және Аустрия клубтарының футболшылары бар.

Венгрия құрамасының басты жұлдызы ретінде «Ливерпульдің» жартылай қорғаушысы Доминик Собослаи аталып отыр.

Сондай-ақ ұлттық командаға «РБ Лейпциг» қорғаушысы Вилли Орбан, «Унион Берлин» ойыншысы Андраш Шефер, «Галатасарай» футболшысы Роланд Шаллаи және «Ливерпуль» қорғаушысы Милош Керкез шақырту алды.

Айта кетейік, маусым айында Қазақстан құрамасы Венгриямен жолдастық кездесу өткізеді.

Талғат Байсуфинов жаттықтыратын команда бұл матчты күздегі ресми ойындарға дайындықтың маңызды кезеңдерінің бірі ретінде қарастырып отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или