Эндрик келесі маусымда команда сапында қалады
Мадридтің «Реал» клубының жас шабуылшысы Эндрик келесі маусымда команда сапында қалуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ақпаратқа сәйкес, клубты басқаруы ықтимал Жозе Моуринью 19 жастағы бразилиялық футболшыға сенім артып отыр. Португалиялық маман Эндриктің әлеуетін жоғары бағалап, оның әрі қарайғы даму жолын «Реал» құрамында көргісі келеді.
Сондай-ақ мадридтік клуб басшылығы да ойыншыны сатуды жоспарламай, командада алып қалуға ниет етіп отыр.
Айта кетелік, Эндрик «Реалға» 2024 жылы қосылған. Қазір ол Францияның «Лион» клубында жалға ойнап жүр. Жас шабуылшы мадридтік ұжымның болашағынан үлкен үміт күттіретін футболшылардың бірі саналады.
Моуриньо 70 миллион еуро тұратын футболшыны «Реалға» шақырып отыр
Аргентина құрамасы әлем чемпионатына қатысатын тізімді шығарды