Жанабек Әлназаров: «Қайсардың» мақсаты біреу – Премьер-лигаға оралу»

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасының ресми сайты оқырмандарды Бірінші лига клубтарының жоспарларымен таныстыруға жалғастырады. Кезекте – қызылордалық «Қайсар» клубы. Клубтың атқарушы директоры Жанабек Әлназаров жаңа бапкер туралы және алдағы маусымға тұрған мақсаты жайлы айтып берді.

- Жанабек Шәріпбайұлы, клубта қандай жаңалықтар бар? Бас бапкерді таңдадыңыз ба?

- Жергілікті бапкер Сұлтан Әбілдаев енді команданы жаттықтырады. Бірнеше жылдар бойы біздің клубта өз өнерін көрсетті, команданың капитаны да болған. Содан кейін «Қайсардың» бапкерлік штабында жұмыс істеді. Бұрын теміртаулық «Болатты» жаттықтырған Александр Москаленко оған көмектеседі. Бірінші оқу-жаттығу жиыны Шымкентте өтті. Қазір «Қайсар» Түркияда жаңа маусымға дайындық жүргізуде. Айтпақшы, ертең Украинаның «Карпаты» клубымен достастық кездесуі өтеді. Сол күні Румынияның «Волунтарий» командасымен кездесеміз. Ақпанның 18-і күні футболшыларымыз Қазақстанға оралады. Кезекті ОЖЖ туралы Түркиядағы жиынынан кейін белгілі болады. Қазір команда сапында жергілікті футболшылар да, легионерлер де жүр.

- Облыс басшылығы команда алдында мақсат қойды ма?

- Мақсатымыз біреу – Премьер-лигаға оралу. Қазір клуб Бірінші лиганың қатысушысы ретінде сертификация рәсімін өтуде. Мүмкін, клубтың жаңа директоры болады. Оны облыстық федерация шешеді. Әзірше директордың міндеттерін мен атқарамын.

- Клуб жергілікті футболшыларға өз екпінін қояды ма?

- Осындай тілегіміз бар, бірақ жергілікті футболшылардың мүмкіндіктерін тек қана бас бапкер шешеді. Алғашқы рет Бірінші лига чемпионатында Қызылорда облысынан енді екі команда қатысатынын тағы қосуға болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или